Әлемдік мұнай бағасы біршама қымбаттады
2017 жылғы 26 қыркүйек 08:58

Әлемдік мұнай бағасы біршама қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларында өтіп жатқан сауда-саттықта мұнайдың бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА сауда-саттық мәліметтеріне сілтеме жасап.

Лондонның ICE Futures биржасында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 2,16 долларға дейін қымбаттап, бір баррельге 59,02 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 1,56 долларға қымбаттап, бір баррельге 59,02 долларды құрады.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT