Әлемдік қауымдастықтар Сирия тарихының қайғылы парағын жабуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік қауымдастықтар Сирия тарихының қайғылы парағын жабуы керек. Сирия бойынша Астана процесінің соңында ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Мұхтар Тілеуберді осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік қауымдастықтар Сирия тарихындағы қайғылы парағын жабуы керек. Астана процесіне қосылғысы келетін бірқатар елдердің тілегі - жаңа амалды пайдалана отырып, саяси және гуманитарлық мәселелер бойынша дағдарысты шешуге бір қадам қалғанымызды көрсетіп отыр. Қазақстан барлық елдерді осынау ортақ мақсатқа жұмылып, Астана және Женева процесіне қолдау білдіруге, Сирия Араб Республикасындағы зорлық-зомбылық қақтығыстарына тезірек нүкте қоюға күш салуға шақырады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, БҰҰ-ның Сирия бойынша жаңа уәкілі, халықаралық дәрежедегі құрметті дипломат Геер Педерсонға сәттілік тілеймін», - деді ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Мұхтар Тілеуберді.

Еске сала кетсек, бүгін елордада Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды аяқталды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша кепілгер елдер - Иран, Ресей мен Түркия бірлескен мәлімдеме жасады. Кепілгер елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруға шақырып отыр.

Соңғы жаңалықтар