Әлемдік қаржы орталықтарының индексі: Нұр-Сұлтан қаласы 51-орында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық Z / Yen Group ғылыми-зерттеу ұйымы Әлемдік қаржы орталықтары индексінің (GFCI 26) нәтижесін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Орталыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Индекс бизнес, адами ресурстар, инфрақұрылым, даму деңгейі, бизнес беделі және интеграция бойынша әлемдегі басты қаржы орталықтарына бағалау жүргізді.

Биылғы рейтингтегі алғашқы үздік 10 қаржы орталығы болып Нью-Йорк, Лондон, Гонконг, Сингапур, Шанхай, Токио, Бейжің, Дубай, Шеньжен, Сидней қалалары танылды.

Аталған зерттеудің TOP-100 Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласы (Астана халықаралық қаржы орталығы) мен Алматы кірді. Рейтингте Нұр-Сұлтан 51-орынға, ал Алматы 98-орынға жайғасқан.

Индекс қорытындысымен елорда Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы қаржы орталықтары арасында үздік нәтиже көрсеткен.

«Қаржы орталығының жақында құрылғанына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласы өз позициясын нығайтты», - деп жазды британдық Z /Yen Group зерттеу орталығы.



Соңғы жаңалықтар