Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында бекемділік танытқан еліміздің тау-кен металлургиялық саласына алғысымды білдіремін - Үкімет басшысы

None
None
; АСТАНА. Желтоқсанның  10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында бекемділік танытқан еліміздің тау-кен металлургиялық саласына алғысымды білдіремін. Бұл туралы бүгін тау-кен металлургия қызметкерлерінің ІІ съезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2008  жылдың соңында және 2009 жылы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайы еліміз үшін үлкен сын болғанын айта келе, Үкімет басшысы «Осыған байланысты сіздердің көпшіліктеріңізбен биылғы жылдың барысында бірнеше мәрте кездестім. Қордаланған мәселелерді талқыладық. Желтоқсан мен наурыз айлары аралығында өте қиын болды, тауарды өткізу нарықтары құлдырады. Осыған байланысты күрделі шешімдерді қабылдау керек болды», деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы сол кезеңде, өнімді шығаратын нарықтарда өнімнің бағасы, яғни 2008 жылдың ортасымен салыстырғанда, 2-3 есеге төмендеп кеткенін жеткізді. Алайда бұл қиындықтарға қарамастан тау-кен металлургия саласы бекемділік танытып, жұмысшылар саны қысқармағанына алғысын білдірген К. Мәсімов «Осы ауыр кезеңнен сіздер өттіңіздер. Қазір 2009 жылдың аяғындағы жағдай мүлдем басқа. Физикалық көлем бойынша тәжірибе жүзінде 2008 жылдың соңындағы деңгейге шықтық. Алайда бағалық қарым-қатынастар әлі де дұрысталмаған шығар. Атап айтқанда, бұл бекемділіктің бірінші алғашқы емтиханы, яғни, әлемдік дағдарыс жағдайынан тау-кен металлургия саласы өтті. Осыған байланысты сіздерге құттықтауымды жолдап, алғысымды айтқым келеді» деді.

Соңғы жаңалықтар