Әлемдік ірі инвесторлар жаңартылатын энергияға инвестиция құюға дайын – сарапшы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір елімізде 114 млрд гигаватт бар, оның 4 млрд-ын жаңартылатын энергия көзі бөледі. Бұл шамамен 3%. Жаңартылатын энергия көзіне көшу туралы толығырақ «Ecojer» ассоциациясының атқарушы директоры Қуаныш Балтабаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде жаңартылатын энергияға көшу бойынша бірқатар жоба іске асып жатыр. Жыл басынан бері Қазақстан осы бағытта бірнеше келісімге қол қойды. Атап айтқанда, Франциямен 1 гигаватқа үкіметаралық келісімге келді, дәл осындай үкіметаралық келісім жақында Мемлекет басшысының Қытайға сапары қорытындысы бойынша жасалды. Жалпы алғанда, жаңартылатын энергия арқылы шамамен 6-6,5 гигаватт энергия қуатын өндіру жоспарлануда», - деді Қуаныш Балтабаев Астанада өтіп жатқан III ECOJER халықаралық конгресі барысында.

Оның айтуынша, жаңартылатын энергияға көшуде оны қайда салу керек және тарифке қатысты сұрақтар бар.

«Ірі энергетиктерді жаңартылатын энергияны өндіру мәселесі алаңдатады. Мысалы, жел болмай, бірқалыпты ауа райында қалай болады? Бірақ экономикалық тиімділік туралы айтатын болсақ, инвесторлар жаңартылатын энергия көздерін салуға дайын. Олар осы секілді жобаларды масштабтауға мүдделі. Бүгінде БАӘ, Франция, Қытай, Үндістанның инвесторлары гигаватты құрайтын жобаларды салуға дайын. Қазір бізде 114 млрд гигаватт бар, оның 4 млрд-ы жаңартылатын энергия көзі бөледі. Бұл шамамен 3%. Біздің стратегиялық құжатта 2020 жылға қарай жаңартылатын энергия көзіне өтуді 3%-ға жеткізу мақсаты қойылған. Ал 2030 жылға қарай 15% жаңартылатын энергия алуымыз керек, егер біз 6 гигаваттық энергия өндіру көзін салсақ, аталған көрсеткішке қол жеткізу мүмкін деп ойлаймын», - дейді ол.

Айта кетейік, елордада III ECOJER халықаралық конгресі өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар