Әлемдік дизайнерлер Алматыдағы көрмеге көктемгі киім үлгілерін алып келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Central Asia Fashion Spring 2017» 19-шы Халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сән үлгісінің дәстүрі бойынша биылғы көктемгі көрмеге ер адамдардың, балалар мен әйелдердің киімін тігетін үздік компаниялар бас киімдер, кешкі көйлектер, сырт киімдер мен түрлі аксессуарлар алып келді.

Әр маусымда ұйымдастырылатын көрмеге Италия, Франция, Финляндия, Польша, Латвия, Түркия, Ресей, Молдова, Беларусь және өзге де елдердің киім тігетін компаниялары қатысады. Іс-шараға қызығушылық жыл сайын артып келеді. Мәселен, былтыр Үндістаннан келген компаниялар көрменің көп бөлігін қамтыған болатын.

Айта кетейік, көрменің ашылуында ісін жаңадан бастаған  қазақстандық 10 дизайнер шағын топтамаларын таныстырды. Олар «Open Way» 6-шы Ұлттық жас дизайнерлер байқауының үздіктері.

Аталған көрме «Атакент» кешенінде 14 наурызға дейін жалғасады. 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Соңғы жаңалықтар