Әлемдік діндер съезі конфессиялар арасында сындарлы диалог қалыптастыра алды - Қ. Мәми

None
None
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Өткен жылдар ішінде Әлемдік діндер съезі конфессиялар арасында сындарлы диалог қалыптастыра алды.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысынан соң брифинг өткізген Сенат Төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлім етті.

Cөз арасында спикер осыдан он жыл бұрын Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының алғашқы отырысы өткеніне тоқталды. «Бүгінгі күні он жылдық жұмысты және Астанада өтіп келген Әлемдік діндер басшыларының 4 мәрте съезін қорытындылай келе, біз түрлі дін өкілдері, түрлі конфессиялар арасында сындарлы диалог қалыптасты деп айта аламыз. Қазіргі таңда съездің нақты мақсат-міндеттері айқындалды. Бұлардың бастысы діндер арасындағы, өркениеттер арасындағы диалогты ілгерілету болып табылады», - деді спикер Қ. Мәми.

Тоқтала кететін жайт, дәстүрге сай Қазақстан Сенатының Төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі Хатшылығының төрағасы болып табылады.

«Осы қызмет аясында мен Съездің 10 жылдық мерейтойына әзірлік бойынша бірқатар елдерде болып қайттым. Ватиканда, Австрияда, Жапонияда, АҚШ-та, Әзербайжанда делегациямен болып, оның барлығында Қазақстандағы әлемдік Съезд қызметіне арналған дөңгелек үстелдер өткізілді. Ал алдағы қыркүйек айының соңына қарай, Съезд хатшылығының 12-і отырысы өтеді деп жоспарлануда. Сол отырыста біз жетістігімізді ғана емес, келешек жоспарларды, форумның келесі басқосуының тақырыбын талқылаймыз», - деді Қ. Мәми.

Соңғы жаңалықтар