+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Әлемдік дін басшылары Астанадағы Бейбітшілік қабырғасында мінәжат етті

2018 жылғы 11 қазан 09:51
Бөлісіңіз:
Әлемдік дін басшылары Астанадағы Бейбітшілік қабырғасында мінәжат етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында «Бейбітшілік қабырғасы» монументі алдында әлемдік дін басшылары бір уақытта мінажат етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дін басшыларының құдайға сыйыну процедурасы бірнеше минутқа созылды. Осыдан кейін Бейбітшілік қабырғасының алып экранынан әлемдегі ең ірі апаттар, ядролық қару жарылыстары туралы видео көрсетілді. Мәтін орыс тілінде болғанымен, қатысушылар үшін тікелей аударма жүргізілді.

Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі Астанада кеше басталған болатын. Алқалы жиынға барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сонымен қатар беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысуда. Съездің мәртебелі мейманы - Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич. Жаһандық шараның басты және негізгі тақырыбы - «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».

Съез барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, қауіпсіз әлемді қалыптастыру жолында конфессияаралық, өркениетаралық диалог орталығын бекітуге дайын екенін мәлімдеген болатын.




null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT