Әлемдік державалар қазақстандық өнертапқыштарды аңдып отырады - министр Бекетаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өнертабыстардың бірыңғай тізімі бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, аталған тізімді әлемдік державалар үнемі қарап отырады. "Сайтта бірыңғай реестр бар. Ол жерде барлық ақпарат жарияланбайды. Жалпы мәліметтер ғана беріледі. Осы орайда қызықты бір жайтты айта кеткен жөн. Аталған ресурсты қазақстандықтар емес, америкалықтар жиі ақтарып отырады. Бұл дегеніміз, АҚШ Қазақстандағы өнертапқыштардың жетістіктерін жіті бақылап келеді деген сөз. Одан кейін Ресей, ал үшінші орында Қытай тұр. Біз соның бәрін IP арқылы қосылудан көріп отырмыз", - деді М.Бекетаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Министрдің айтуынша, өнертабыстың коммерциялық пайдасы зор болса, оны xалықаралық тіркеуге қойған жөн. Аталған шаралар Женева қаласындағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында жасалады. Қазақстанда xалықаралық тіркеу жағынан ұлттық зияткерлік меншік институты көмектесе алады. Жалпы, xалықаралық тіркеуге бір жыл кетуі әбден мүмкін. Дегенмен, өнертапқыш өзінің зияткерлік құқығын кез келген уақытта дәлелдей алады. Ол үшін сызба-нұсқаларды, компьютердегі файлдарды және тағы басқа дәлелдерді көрсету керек. Осылайша, тіркеуге көп уақыт кетсе де, сот арқылы өнертапқыш өз авторлығын қорғай алады.

Айта кетейік, бүгін министр xалық алдында есеп берді. Министр сот орындаушыларының қызметіне қатысты заң жобасының Парламенттің қаруында жатқанын жеткізді. "Атап айтқанда, сот орындаушыларының қызметіне санкция салуды қысқарту туралы ұсыныс бар. Былайша айтқанда, аталған институтты дамыту шаралары жалғаса береді. Сот орындаушыларын жауапкершілікке тарту тетіктері де қалады. Бірақ өкілеттіліктердің біраз бөлігі соттан сот орындаушыларына беріледі", - дейді М.Бекетаев.  Бұдан бөлек, Бас заңгер пәтер сатып аламын деушілерге кеңес берді. Министрдің айтуынша, шетелге шығуға қойылған шектеуді алып тастаудың нақты мерзімі бекітілді. 

Соңғы жаңалықтар