Әлемдік деңгейдегі спортшылар Ақтауда басқосады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда бүгін әлемдік деңгейдегі спортшылардың қатысуымен өтетін апталық басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мақсат – Маңғыстау өңірінің туристік потенциалын арттыру, жастардың спортқа деген қызығушылығын ынталандыру.

«Naiza 41 х Eagle» 48 біріккен турнирін «DAR» компаниялар тобының қолдауымен өткізеді. Шара аясында өңірдің белді чемпиондары, спортшылары мен жаттықтырушыларының қатысуымен түрлі шеберлік сағаты, ашық жаттығулар және мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады. Олардың қатарында UFC шеберлері Шавкат Рахмонов, «DAR Team» командасының коучтары - Азиз Разыев пен Эдуард Базров бар. Сондай-ақ, «Naiza» лигасының чемпиондары – Әліби Ыдырыс, Николай Самусев, Ильдар Құдайбергенов, панкратионнан әлем чемпионы Мұратбек Қасымбай, Ғалымжан Жасұланов қатысады», - дейді «Naiza» лигасының президенті Нұрбек Қарабала.

Ал, спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевтың айтуынша, апталық аясында облыстық баскетбол федерациясының қолдауымен регболдан ойын және «Run Club Aktau» клубының қатысуымен теңіз жағалауында жүгіруден жарыс ұйымдастырылады. Теңіз жағасында болатын жүгіруге, барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Сондай-ақ, белді ресейлік «Eagle fc» лигасының президенті Шамиль Завуровтың шеберлік сағаты өтеді.

15 шілде күні ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі, жас кәсіпкер Дамир Аманжолдың қатысуымен форум ұйымдастырылмақ. Турнирдің құрметті қонағы болып, UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келеді деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар