+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Әлемдік деңгейдегі қандай оқулықтар қазақ тіліне аударылды

2019 жылғы 12 сәуір 16:42
Бөлісіңіз:
Әлемдік деңгейдегі қандай оқулықтар қазақ тіліне аударылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, бір жыл бұрын Елбасының қатысуымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 18 оқулықты таныстырған едік. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына екі жыл толып отырған дәл бүгін тізімдегі тағы 30 оқулықты аудару және даярлау жұмысы аяқталды», - деді Рауан Кенжеханұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында.

«Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры атқарылған жұмыстар бойынша нақты нәтижелерді атап көрсетті.

«Бұл жерде әлемдік тарих, қазіргі педагогика бойынша өте қызықты оқулықтар бар. Экономика мен кәсіпкерлік бойынша да оқулықтардың үздік коллекциясы жинақталды. Мәселен, Филип Котлердің маркетинг бойынша Стратегиялық менеджмент, HR Management кітабы бар. Бұл бұрын болмаған оқулық болғандықтан, МВА-ны біздің ЖОО-ларда қазақ тілінде оқытуға жақсы негіз болайын деп тұр», - дейді Р. Кенжеханұлы.

Оның айтуына қарағанда, жоба аясында жаңа тізім талқыланып жатыр.

«Шынтуайтында, тізім ЖОО-лардың ұсыныстары негізінде бұрыннан талқыланып келеді. Жұмыс тобы мүшелерінің келісімімен қосымша 30 оқулықты аударып, баспаға биыл өткізу үшін іріктелді. Аяқтағалы жатқан 30 оқулық жаңа оқу жылы басталғанға дейін біздің елдегі 112 университетке жеткізілетін болады», - дейді спикер.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT