Әлемдік дағдарыс Қазақстан экономикасының қалыптасуына түрткі болады - Н.Вшивцева

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы Қазақстанның тұрақты болашағына деген сенімді нығайтты, дейді «Қарағанды облысының азаматтық альянсы» Қауымдастығының президенті Наталья Вшивцева.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзін бастап, алдағы жаңа экономикалық дағдарыс туралы айтқанда, көп адам қобалжыды деп ойлаймын. Бізді енді ауыр кезеңдер мен ғаламдық үнемшілдікке дайындайды деп ойлағанбыз. Бірақ біз оның орнына Президенттің жолдардың көптеп салынуы, ақшаның экономикаға салынуы, бизнесті қолдау, 100-ге жуық елдің өз инвестицияларын Қазақстанға құятыны туралы естідік», - деп Жолдаудан алған әсерімен бөлісті Н. Вшивцева.

Жолдауда жаңа экономикалық саясат пен мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы туралы сөз етілді, деп атап өтті үкіметтік емес сектордың өкілі.

«Президент пен Үкіметтің мұнай және газдан түскен ақшаны «күрделі кезеңдерге» жинау бойынша көпжылғы саясаты үмітімізді ақтайды. Дағдарыс Қазақстан экономикасының тұрақтануы мен елдің гүлденуі үшін мықты түрткі болады», - деп түйіндеді өз сөзін Н.Вшивцева.

Соңғы жаңалықтар