+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Әлемді жалғыз аралап жүрген румындық саяхатшы: Анамды көрмегелі үш жыл болды

2019 жылғы 22 шілде 14:47
Бөлісіңіз:
Әлемді жалғыз аралап жүрген румындық саяхатшы: Анамды көрмегелі үш жыл болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әлемді жая шарлап жүрген румындық жиһанкез Богдан Веселовски Қостанай облысына келді. 31 жастағы турист ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында өзінің саяхаттаудағы мақсатын айтып берді.

– Богдан, осыған дейін әлемнің қанша елінде болдыңыз.

– 61 елге саяхат жасадым. Қостанайға, жалпы, Қазақстанға Ақтау порты арқылы келдім. Содан кейін Орал, Ақтөбе қалаларына бардым.

– Саяхаттауды қашан бастадыңыз? Қандай мақсат қойдыңыз?

– Алғашқы сапарымды 2012 жылдың жазында бастадым. Мені әжем мен әпкем шабыттандырды дер едім. Ал анам бастапқыда қарсы болды. Оны көрмегелі үш жыл болды. Ол Италияда тұрады. Ауқымды саяхатым еріктілер тобымен бірігіп, Африкаға жасалды. Мен онда ағылшын тілінен сабақ бердім. Біраз уақыт өткен соң әлемнің басқа елдеріне бару қызығушылығы пайда болды. Қазір, міне, көбіне жаяу жүремін. Шаршаған кезде автостоп арқылы жетемін. Негізі көп жүрген сайын, әлемнің қаншалықты үлкен және сіздің өміріңіздің соншалықты қысқа екенін түсінесіз. Сол себепті де, адамдар бір-біріне мейірімді болу тиіс деп ойлаймын.



– Саяхатқа қалай дайындалдыңыз? Керек-жарақтарыңыз бір сөмкеге сыйды ма?

– Бұл сұрақты маған кездескен адамдардың бәрі қояды. Мынадай кеңес берер едім: кемпинг жиынтығы, смартфон, қалам мен қағаз, карта, су өткізбейтін күртеше және жақсы аяқ киім болса, сіз – саяхатшысыз! Қорқудың қажеті жоқ.

– Күніне шамамен қанша ақша жұмсайсыз?

– Бір күнге 5-6 доллар жетеді. Ал Қазақстанда 2 000 теңге жұмсаймын. Көрген елдерімнің ішінде ең қонақжайы – Қазақстан. Бұл шын сөзім. Ақтауда, Оралда, Ақтөбеде үйлеріне шақырып, қонақ еткендер болды. Оларға ризамын.



– Саяхаттау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

– Ондай көп. Мәселен, Чилидің Патагония тауында қатты жел соғып, жарақат алып қалдым. Замбияда пілді, Парагвайда аюды кезіктірдім. Мұндай жағдайларды кейін Instagram-дағы парақшамда әңгімелеп беремін.

– Сұхбатыңызға рахмет! Саяхатыңыз сәтті өтсін.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Туризм,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT