Әлемдегі тоқтаусыз ең ұзақ рейс 17 сағатқа созылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ең ұзақ әрі тоқтаусыз ұшатын коммерциялық рейс Нью-Йорк әуежайына қонды. Ол 17 сағат 52 минуттың ішінде  15 мың шақырымды  артқа тастап Сингапурдан ұшып келді, деп хабарлайды Би-би-си.

Ұшақ бортында 150 жолаушы мен 17 экипаж мүшесі болған.

«Ұшу жеңіл және жайлы болды. Борттағылар соншама уақыттың қалай өткенін байқамай да қалса керек»,- дейді  airlineratings.com сайтының бас редакторы Джеффри Томас.

Лайнер Камбоджа, Лаос, Қытай, Моңғолия және Ресей аумақтарын басып өткен.

 

Соңғы жаңалықтар