Әлемдегі проблемаларды әділ шешу жолында елеулі моральдік және рухани жігер, шынайы ынтымақ танытуға шақырамыз - Дін басшыларының үндеуі

None
None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Білім беру саласында ынтымақтастық және мәдени алмасу арқылы терең түсіністікке жәрдемдесуге, сондай-ақ ар-ождан бостандығы құқын ұдайы қорғау шараларына шақырамыз. Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезіне қатысушылардың Үндеуінде осылай деп мәлімделген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мұнымен қоса, съезге қатысушылар  саяси басшыларды, қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын шынайы дінаралық диалогты орнату үшін діндер басшылары мен ұйымдардың күш-жігеріне көмектесуге және қолдауға, сонымен қатар тиісті шешімдерді әзірлеу мақсатында адамзаттың өзекті проблемаларын қарастыруға шақырып отыр.

 Үндеуде білім арқылы әр дін мен мәдениеттің бірегей маңызын түсінуге жәрдемдесу, діндер диалогы мен өркениеттерді қолдау мәселелері қамтылған.

«Әлемдегі экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, экологиялық проблемаларды әділ шешу жолында елеулі моральдық және рухани жігер, шынайы ынтымақ танытуға шақырамыз»,-делінген бірлескен Үндеуде.

Соңғы жаңалықтар