+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Әлемдегі коронавирус: Бангкокте туризм маусымы шегерілді, Швейцария елге келу ережесін өзгертті

2021 жылғы 19 қыркүйек 02:51
Бөлісіңіз:
Әлемдегі коронавирус: Бангкокте туризм маусымы шегерілді, Швейцария елге келу ережесін өзгертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында Тайланд, Швейцария және Ұлыбританиядағы коронавирусқа қатысты жаңаңалықтары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті Грузияда коронавирустың бесінші толқыны басталды Коронавирус: АҚШ-та вакцинациядан өтпеген әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады

Тайланд билігі қалада вакцинацияның төмен қарқынына байланысты шетелдік туристер үшін Бангкоктың ашылуын кейінге қалдырды, Мерзім қазан айының 1-нен 15-не ауыстырылды. Халықаралық туризмнің басталу күні басқа аймақтарда - Паттайя курорты орналасқан Чонбури, Чианг Май, Пхетбури және Прачуапкхирикханда кейінге жылжуы мүмкін.

Швейцария үкіметі елге кірудің жаңа ережесін енгізді. 20 қыркүйектен бастап вакцина салдырғанын немесе аурудан айыққанын растайтын құжат болмаған кезде саяхатшылар теріс тест нәтижесін ұсынуы керек. Содан кейін 4-7 күннен кейін қайта тексеруден өту қажет болады.

Лондон метросының операторлары COVID-19-ға байланысты эскалаторларда құлап қалу жағдайларының өскенін хабарлады. Денсаулығына аса сақтықпен қарайтын жолаушылар вирус жұқтырудан қорқып, эскалатор қоршауын ұстамауға тырысады. Тағы бір себеп - пабтарға баруға шектеуді алып тастау, себебі мас жолаушы саны артып кеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT