Әлемдегі кез келген армия осындай төтенше жағдайға ұшырауы ықтимал - Арыстағы жағдай туралы сарапшы пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстан Бас штабының экс-бастығы Арыстағы оқиға салдарын жою бойынша билік жұмысына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

CApress интернет порталы танымал әскери сарапшы, Қырғыз Республикасы Қарулы күштері Бас штабының экс-бастығы Жаныбек Капаров Арыстағы оқ-дәрілер қоймаларындағы жарылысқа қатысты пікірін жариялады.

«Бүкіл Қырғызстан қайғыға ортақтасып, Арыс қаласындағы жағдайды бақылап отыр. Ғұмырымды әскери салаға арнаған адам ретінде айтар пікірім бар. Қазақстан билігі жағдайға төтеп беріп, халық тарапынан зардап шеккендердің көп болмауына ықпал етті. Барлық шаралар уақтылы қабылданды. Оқиға орнына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келді. Салдарды жою процесін бақылауды Қорғаныс министрі өз мойнына алды. Олардың іс-әрекеттерін оң жағынан атап өтуге болады», - дейді сарапшы.


Жаныбек Капаров мұндай төтенше жағдайдың туындауы әлемнің бүкіл армиясында орын алуы ықтимал.

«Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастыру процесі күрделі. Арсеналдардағы, қоймалар немесе зауыттардағы оқ-дәрілердің жарылысы таяу арада Ресейде, Украинада орын алған болатын. Тіпті, батыс мемлекеттерінде де мұндай жағдайлар тіркелген. Әрине, осындай төтенше жағдайға жол бермеу керек. Дегенмен, мұндай жағдай орын алса, ел билігі зардап шеккендердің санын азайтуға және оқиғаның бақылаудан шығып кетпеуіне жол бермеуі үшін барынша күш-жігерін жұмсауы қажет. Қорғаныс министрлігінің басшылығы осы жағдайды тежеді», - деді Қырғызстан Бас штабының экс-бастығы.

Өткен 10 жылдың әлемдік статистикасына сәйкес жыл сайын әлемде орта есеппен шамамен 185 техногендік апат орын алуда.

Жылы

Елі

Апат, салдары

1

2011 жыл

Ресей

Оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезінде 8 адам қаза болды, 12-сі жараланды

2.

2012 жыл

Орынбор облысы

Оқ-дәрілер қоймаларындағы өрт

Владивосток маңындағы оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 2 адам зардап шекті. Пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

3.

Пугачев кенті

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 28 мың адам көшірілді. 3,5 мыңнан аса үй қиралды.

4.

Урман кенті

Арсеналдағы өрт. 3 көше өртке оранды. 16 адам үйсіз қалды. 800 құрылыс, 49 әлеуметтік сала объектісі қиралды. 12 адам зардап шекті.

5.

2017 жыл

Әзербайжан

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 6 елді мекен көшірілді. Шығын 8,7 млн. долларды құрады.

6.

2018 жыл

АҚШ

Әскери қоймадағы жарылыс. Өрт басталды. 4 адам зардап шекті. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қойма Чемберсберг қаласының сыртындағы 4,2 мың га аумақта орналасқан. Қоймада 3,6 мың қызметкер жұмыс жасайды. Онда зымырандар мен амуниция сақталады.

Украина

7.

2003 жыл

Артемовск

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 10 және және 17 қойма, 3 мыңға жуық тонна снаряд жойылды. 66 көппәтерлі және 120 жеке меншік үй қиралды. 2 адам жарақаттанды.

8.

2004, 2005, 2006 жылдар

Новобогдановка

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. Қоймалар үш рет өртенді.

9.

2004 жыл

90 мың тонна оқ-дәрі бірнеше күн жарылды. Радиусы - 40 км, 1 500-ден астам адам көшірілді. 5 адам қаза болды, 81-і госпитальге жатқызылды. 4 км газ құбыры зақымдалды. Шығын 3,8 млн долларды құрады.

10.

2005 жыл

5 адам жарақаттанды

11.

2006 жылы

Төрт өрт сөндірілді. 5-еуі жарақаттанды, екі адам қаза болды

12.

2008 жыл

Лозовая

Арсенал қоймасындағы өрт. 95 мың тонна снаряд бар. Жарылыс 2 аптаға созылды. Оқ-дәрілердің бір бөлігі жойылды, үштен екі бөлігі тағы бірнеше жыл залалсыздандырылды.

13.

2015 жыл

Светово

Оқ-дәрілер қоймасындағы өрт. 4 адам қаза болды. Минасыздандыру бір жылдан аса жүргізілді, 59 көп қабатты үй, 581 жеке меншік үй, 21 әлеуметтік сала объектісі қиралды.

14.

2017 жыл

Бакалея

Арсеналдағы жарылыс. 3 күн сөндірілді. Бір ай минасыздандырылды. 5 адам зардап шекті, 2 адам қаза болды. 300-ден аса үй қиралды.

15.

2017 жыл

Калиновка

Украина ҚК арсеналы, жарылыстар. 2 адам зардап шекті.

16.

2018 жыл

Ичня

Арсенал аумағындағы жарылыс, орта есеппен секундына 3 жарылыс. 63 адам өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға жүгінді.

Әскери арсеналдар мен оқ-дәрілерді сақтау қоймаларындағы төтенше жағдайдың негізгі себептері ыстық температурадан өздігінен тұтану, өртке қарсы қауіпсіздік шараларының сақталмауы, оқ-дәрілерді сақтау талаптарының бұзылуы, немқұрайлық, адами фактор, диверсия.

Сарапшы қоймалардағы өрттің туындау себептері туралы жорамалдаудан бас тартты.

«Әзірге, менің ойымша бұл туралы бірдеңе деуге әлі ерте сияқты. Оқиғаның шынайы себептерін айқындайтын арнайы комиссия құрылды. Кейбір адамдар жағымсыз пікір, жалған ақпарат таратып, халықты дүрліктіруде. Оқиға салдарын жою процесі жүруде және айрықша пиарды қажет етпейді. Әскерилер өз ісін жақсы біледі», - деп сарапшы ойын толықтырды.

Жаныбек Капаров болашақта мұндай төтенше жағдайды болдырмау керек деп отыр.

«Бұл – өте күрделі мәселе. Менің ойымша, негізгі проблема әскери арсеналдар мен қоймалардың халық тұратын елді мекендерге жақын орналасуында болып отыр. Бірақ, Арыста арсенал әу бастан елді мекенде орналаспаған. Бұл жерге кейінірек азаматтар шоғырлана бастады. Шын мәнісінде бұл әскерилердің кінәсі емес. Себебі, нысандарға іргелес орналасқан аумақтар қорғаныс ведомствосының иелігіне жатпайды. Жер телімдерін бөлумен әскерилер емес, жергілікті муниципалитет айналысады. Олар бұл жағдайға еш әсер ете алмайды», - деп Жаныбек Капаров жеткізді.

Соңғы жаңалықтар