+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Әлемдегі қандай көрікті нысандарға жойылып кету қаупі төнді

2019 жылғы 4 қараша 04:31
Бөлісіңіз:
Әлемдегі қандай көрікті нысандарға жойылып кету қаупі төнді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік ескерткіштер қоры (World Monuments Fund) жойылып кету қаупі бар 25 көрікті орынның тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат СNN-ге сілтеме жасап.

World Monuments Watch тізіміне енген нысандардың арасында 2019 жылдың 15 сәуірінде өрттен зардап шеккен Франциядағы Париж Құдай ананың (Нотр-Дам-де-Пари) шіркеуі, Куско қаласындағы әуежайдың құрылысынан қауіп төнген Перудегі Урубамба (Инктердің қасиетті даласы) бар. Одан бөлек, тізімнен Чилидегі Рапануи (Пасхи аралы) Ұлттық паркін, Грузиядағы Тушети Ұлттық паркін, Моңғолия астанасы Ұланбатырдағы Чойджин-лама музей-храмын, Жапонияның Ивамацу ауданын, Пәкістанның Лахора қаласындағы Анаркали базарын және тағы басқасын көруге болады.

Дүниежүзілік ескерткіштер қорының тізімі жойылып кету алдында тұрған көрікті орындар мен нысандарды анықтап, сақтап қалу үшін 1995 жылы жасала бастады. Екі жылда бір жаңартылып тұрады. Ал Қордың өзі 1965 жылы құрылып, осы уақытқа дейін 90 елдегі 600-ден астам жобаға демеушілік көрсетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT