+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Әлемдегі ең улы өрмекші шаққан 10 жасар бала аман қалды

2017 жылғы 25 ақпан 01:33
Бөлісіңіз:
Әлемдегі ең улы өрмекші шаққан 10 жасар бала аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда 10 жасар ұлдың әлемдегі ең улы саналатын - сиднейлік өрмекші шағып алды, медицина мамандары баланың өміріне араша бола алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы Беркли Вейл қалашығында болды. Мэтью Митчел әкесіне сарайды ретке келтіруге көмектесіп жатқан, кенеттен, саусағы ауырып кеткенін сезген. Одан кейін баланың тұла-бойы тырысып, аузынан көпірік шыға бастаған.

Әкесі баланы дереу жергілікті госпитальға жеткізіп, оған уға қарсы 12 инъекция жасалған. Журналистердің айтуынша, уға қарсы дәрі-дәрмектердің мөлшері үш есе артық берілген, деп жазады «РИА Новости» агенттігі.

Оқиға орнында табылған өрмекші Австралияның бауырымен жорғалаушылар паркіне жіберілді.

Парк директоры мұндай өрмекшінің уынан кейін тірі қалу екіталай екендігін айтып, Мэтьюдің бағы барын атап өтті.

Фото: © REUTERS/ Kai Pfaffenbach

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT