Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Әлемдегі ең үлкен ұшақ 400 млн долларға сатуға қойылды

2019 жылғы 16 маусым 06:10 1172
Бөлісіңіз:
Әлемдегі ең үлкен ұшақ 400 млн долларға сатуға қойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең үлкен әуе кемесі атанған Stratolaunch эксперименттік катамаран ұшағын  400 миллион долларға сату жоспарланып отыр, деп хабарлайды CNBC телеарнасы дереккөзге сілтеме жасап.

Stratolaunch орбитаға зымыранды ұшыруға арналған. Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, бағаға ұшаққа ие болумен қатар, зияткерлік меншік және жобаға байланысты инфрақұрылым да кіреді.

Еске сала кетсек,сәуірде Stratolaunch АҚШ-тың оңтүстік батысындағы Мохаве шөлінің үстімен ұшып өткен еді. Сынақ кезінде әуе кемесі  5 шақырымнан жоғары биіктікке көтеріліп, сағатына 304 шақырым жылдамдықты бағындырды.

Stratolaunch әуе кемесін жабдықтау 2017 жылы аяқталды. Оның қанат құлашы 117,3 метр. Бұл ұшақ құрылысындағы абсолютті рекорд. Ал салмағы 226,8 тонна. Оған Boeing 747-нің алты қозғалтқышы және 28 доңғалағы орнатылған.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT