Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер іске қосылды - Daily Mail

2018 жылғы 6 қараша 12:05 745
Бөлісіңіз:
Әлемдегі ең үлкен суперкомпьютер іске қосылды - Daily Mail

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада он жыл бойы құрастырылған және құны 19,5 миллион доллар тұратын суперкомпьютер іске қосылды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

«Алғаш рет бір секундта 200 миллион әрекет атқара алатын ең ірі суперкомпьютер іске қосылды. Мамандардың айтуынша, машина адам миының қызметіне ұқсас жұмыс істейді және осы аптада компьютердің бір миллионыншы процессорлы ядросы орнатылды. Spiking Neural Network Architecture (SpiNNaker) деп аталатын компьютерді Манчестер университетінің мамандары он жыл бойы құрастырды. Ал компьютердің концепциясын жасауға жиырма жыл уақыт кеткен», - делінген мақалада.

Сонымен қатар суперкомпьютердің әр чипі жүз миллион бөлшектен тұрады.

Профессор Стив Фарбердің айтуынша,  SpiNNaker жұмысы қарапайым компьютерге қарағанда адам миына көбірек ұқсайды. Сонымен қатар бұл компьютер нейробиологтарға адам миының қалай жұмыс істейтінін дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ аталмыш техника жүретін, қозғалатын және сөйлейтін мобильді роботтар құрастыруға арналған нейронды жүйе жасауға көмектеспек. 

 

Аударған: Айкүміс Болатбек

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT