Әлемдегі ең үлкен қазақтілді сайт қалай жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - KAZ.NUR.KZ сайтының өзгелерден басты ерекшелігі - бар материалдарды қайталау емес, эксклюзивті мақалалар тудыру. Nur.kz ІТ компаниясының қазақ тіліндегі сәтті жобасы қолданушылар арасында жыл өткен сайын танымалдыққа ие болып келеді.

2019 жылдың қаңтарынан KAZ.NUR.KZ редакциясы өзін қазақ тіліндегі жеке ақпараттық ресурс ретінде таныстырып келеді. Журналистер жұмысының басты критерийі мемлекеттік тілдегі сапалы материалды интернет кеңістікке ұсыну.null

Адамдар саясат, шоу-бизнес, мәдениет, спорт, технология әлеміндегі соңғы жаңалықтарды KAZ.NUR.KZ сайтын немесе ұялы қосымшасын қолдана отырып, хабардар бола алады.

Сайттағы ең танымал айдарлардың қатарына «шоу-бизнес», «қоғам» мен «саясат» жатады.

«Желіде қазақтілді контент жетіспейді. Соның өзінде жас буын ақпаратты мемлекеттік тілде жақсы оқиды», - деп бөлісті қазақтілді редакциясының басшысы Гүлназ Абдували.null

KAZ.NUR.KZ тобы өз аудиториясы үшін мақалаларды нақты талдап, соңғы трендтерді уысынан жібермейді. Редакцияда жұмыс таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін қызу жүреді. Журналистер күніне 80-ге жуық мақалалар шығарады.

«Біз кәсіби мамандар жинақталған үлкен топпыз. Алматылық кеңседе 10 адам жұмыс істейді. Шығарушы редакторлар онлайн жүйесінде мемлекетпен әлемнің ақпараттық өрісін қадағалайды. Қазақстан бойынша 30-дан астам кеңседен тыс жұмыс істейтін қызметкерлер бар. Олар эксклюзивті материалдар жазып, репортаждар түсіреді.null

Біздің оқырмандар өте белсенді. Қызықты тақырыптарды жазуымызды сұрап, күнделікті хабарласатын оқырмандарымыз бар», - деп қосты Гүлназ.

Сәуір айында сайтқа 2 млн 270 мың бірегей қолданушы кірді. Жарты миллионға жуық қолданушы «Вконтакте» мен Facebook аккаунттарын оқиды.

Оқырман KAZ.NUR.KZ сайтында жаңалықтардан бөлек, тесттер мен сауалнамалардан өте алады.

Мәселен, «Қазақстанның ең тартымды әкімі» атты тест 75 мыңнан астам қаралым жинаған. Ал «Қазақстандық шоу-бизнестің ең әдемі жұлдызы» тақырыбына жасалған тест - 48 мың қаралым жинады.null

Бүгінде KAZ.NUR.KZ порталы әлемдегі қазақтілді БАҚ нарығында көшбасшы орында тұр. Nur.kz IT-компаниясы жобасы жетістігінің басты критерийі - эксклюзивті ақпарат, адамдардың сенімі, оперативтілік, аудитория қызығушылығының аналитикасы мен қазақ тіліндегі мобильді қызмет көрсету болып табылады.null

Редакцияның міндеттерінің бірі Қазақстанның әр өңірінде авторлар базасын құру болып есептеледі. Егер сіздің қабілетіңіз бен ынтаңыз бар болса, өз мәтіндеріңізді [email protected] поштасына жіберіңіз.

Қазақстан мен әлем жаңалықтарынан хабардар болу үшін Android пен iOS платформасындағы Nur.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Жаңалықтарды ана тіліңізде оқыңыз!

Соңғы жаңалықтар