Әлемдегі ең танымал әуе бағдарларының рейтингі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Routes авиациялық онлайн қызметі әлемдік жолаушылар легін саралап, адамдардың ең көп жүретін әуе бағдарларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Independent сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, саяхаттаушылардың арасында ең таралған бағдар Сеулдан (Оңтүстік Корея) Чеджу аралына ұшатын рейс екені анықталды. 2017 жылы бұл бағдарда 13 миллион адам жол жүрген. Онлайн қызметтің мәліметтеріне сәйкес, әуе кемелері күн сайын Оңтүстік Кореяның астанасынан аралға 180 рет ұшқан. Екінші орынға Мельбурн-Сидней бағдары орналасты.  Мұнда 2017 жылы 10 миллионға жуық саяхатшы  жол жүрген. Халықаралық ұшу бағыттарының арасында үздіктердің қатарына 6,7 миллион әуе жолаушылары ұшқан Гонконг-Тайбэй рейсі де кірді.

Соңғы жаңалықтар