Әлемдегі ең қымбат көйлек аукционда сатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың президенті Джон Кеннедидің 45-туған күнінде киген Мэрилин Монро көйлегі аукционда сатылады. Бұл туралы Vanity fair хабарлады.

17 қараша күні Лос- Анджелесте Jean Louis маркалы дене түстес көйлек сатылымға шығарылады, оның эстимейті екі-үш миллион долларды құрайды.

Дәл осы көйлекпен Монро 1962 жылы 19 мамырда Мэдисон-сквер-гарден сахнасында 15 мың көрермен алдында «Туған күніңмен» әнін орындаған еді. 

 

Соңғы жаңалықтар