+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Әлемдегі ең қымбат футболшы командасын ауыстырмақ

2020 жылғы 16 қыркүйек 19:56
Бөлісіңіз:
Әлемдегі ең қымбат футболшы командасын ауыстырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат. – Францияның ПСЖ футбол клубы 21 жастағы шабуылшы Килиан Мбаппені сатуға дайын соманы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «The Sun» сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды Футзалдан чемпиондар лигасы: «Қайрат» Румыния чемпионына қарсылас атанды Футбол: «Ақжайық» Анталияда оқу-жаттығу жиынын бастады

Мбаппе ПСЖ-да 2017 жылдан бастап ойнайды және содан бері командада 124 матч өткізіп, 90 гол соққан. Париж құрамасы сапында үш рет Франция чемпионатын жеңіп алып, ел кубогі мен Лига кубогінің иегері атанды.

Жыл басында «CIES Football Observatory» зерттеу орталығы әлемдегі ең қымбат футболшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды. Ол кезде бірінші орын Мбаппеге тиесілі болды, оның құны 265,2 миллион еуроға бағаланды.

Басылымның мәліметінше, шабуылшы команданы өзгерткісі келеді және түрлі ұсыныстарды қарастыруға дайын. Сондықтан ПСЖ оны 325 миллион еуроға бағалады. Бұл сома – футбол тарихындағы рекордтық сома. Көптеген клубтар 21 жастағы Килиан Мбаппенің құны асыра бағаланды деп санайды.

«Реал Мадрид» үздік ойыншыны алуға дайын екенін білдірді. Атақты клубтың басшылығы әлем чемпионы үшін тек 100 миллион еуро ұсынып отыр.

Әзірге келіссөздер жүріп жатыр, егер мәміле жасалса, онда 325 миллион еуро тарихтағы ең қымбат аударым болмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT