Әлемдегі ең көп ұшқыш әйелдер қай мемлекетте тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық авиациялық ұшқыштар қауымдастығының деректеріне сәйкес, Үндістан ұшқыш әйелдер саны бойынша әлемде бірінші мемлекет болып танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат The Telegraph сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік хабарлауынша, дүниежүзі бойынша ұшқыштардың шамамен 5%-ын әйелдер қауымы құрайды. Аталған көрсеткішті елдерге бөліп қарастырғанда, Үндістанда ұшқыш əйелдер саны 13%-ке жуықтайды. Бұл Батыстың бірқатар елдерінен екі-үш есеге жоғары. Мәселен, Ұлыбританияда авиация саласындағы нəзік жандар саны - 4,77% болса, АҚШ-та 4,36%.

Айта кетейік, Үндістан - авиациялық нарығы жылдам дамып келе жатқан мемлекет. Елде үнемі ұшқыштардың жетіспеушілігі байқалып тұрады.

Соңғы жаңалықтар