Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі коронавирус ошағына айналуы мүмкін – БҰҰ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар ұйымы COVID-19 таралуы бойынша әлемдегі жағдайды талдау негізінде, ең кедей мемлекеттердің бірі - Мьянма инфекция ошағына айналуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл елден инфекция ешқандай бақылаусыз тарай беруі мүмкін.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мьянма COVID-19 таралуының аса қауіпті ошағына айналып келеді, бұл елде вирустың аса жұқпалы әрі қауіпті жаңа нұсқалары – «дельта» және өзге штамм түрлері таралған. Бұл өте қауіпті», - деді БҰҰ Арнайы баяндамашысы Том Эндрюс.

Ол аталмыш елдің Жер шары тұрғындарының үштен бір бөлігі шоғырланған - Бангладеш, Үндістан және Қытай мемлекеттермен ортақ шекарасы бар екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар