Әлемдегі ең қарт әйел 117 жасқа толды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жапонияда әлемдегі ең қарт әйел Канэ Танака 117 жасқа толғандығын атап өтті. Ол Фукуока қаласында қарттар үйінде тұрады, деп хабарлайды «Токио симбун» басылымы.

Танака-сан туған күнінде ашық сары түсті ұлттық кимоно киді. Оған достары гүл шоқтарын, құттықтау хаты мен торт берді.

«Өте дәмді», - деді жапондық кейуана.

Еске салайық, Канэ Танака 1903 жылы Фукуока префектурасында дүниеге келген. Өткен жылы наурызда ғаламшарымыздағы ең қарт әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол әліге дейін үстел ойындарын ойнап, математикалық есептер шығарғанды жақсы көреді.



Соңғы жаңалықтар