Әлемдегі ең ірі әуежай Ыстамбұлда салынады

None
None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркияның көлік министрі Бинали Йылдырым сәрсенбі күні мәлім еткендей, Ыстамбұлда әлемдегі ең ірі әуежай салынатын болады, деп хабарлады Foxbusiness.com.

Жаңа әуе тұрағы Қара теңіз жағалауында қаланың еуропалық бөлігінде 77 млн. шаршы метр аумақта орналасатын болады және жылына 150 млн. жолаушыға дейін қабылдай алатын болады.

Шенеуніктің болжамынша, жобаның құны шамамен 5,6 млрд. долларды құрайды. Нысанның құрылысын төрт кезеңде аяқтау жоспарлануда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркияда ең ірі әуежай - Ыстамбұлда орналасқан Ататүрк атындағы халықаралық әуежай. Оның жыл сайынғы жолаушылар айналымы 45 млн. адамды құрайды. Көлемі бойынша елдегі екінші әуежай да Ыстамбұлда бой көтерген. Ол жылына 15 млн. жолаушыға дейін қабылдайды.

Құлаққағыс болсын, әлемдегі ең ірі әуежай Атлантада орын тепкен, ол жыл сайын шамамен 90 млн. адамды қабылдай алады екен.

Соңғы жаңалықтар