Әлемдегі ең бай миллиардердің бірі өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Америкалық миллиардер, энергетикалық және химиялық Koch Industries  корпорациясының негізін қалаушы Дэвид Кох АҚШ-та 79 жасында көз жұмды, деп хабарлайды NBC телеарнасы оның ағасы, миллиардер Чарльз Кохқа сілтеме жасап.

Өткен жылы Дэвид Кохден денсаулығының нашарлауына байланысты Koch Industries корпорациясын басқарудан кеткен болатын.

Forbes журналы оның байлығын 50,5 млрд долларға бағалаған. Сондай-ақ,  2019 жылғы әлемдегі ең бай миллиардерлер рейтингінде 11 орынға қойған болатын. 

Bloomberg болса, ағайынды Кохтарды әлемнің ең бай отбасының бірі деп атады

Агенттік 1940 жылы компанияның негізін қалаған,  қырық жылдан соң америкалық Koch Industries корпорациясына айналған Фред Кохтың екі ұлының  байлығын 58,7 млрд долларға бағалайды.

Соңғы жаңалықтар