Әлемдегі ең ашулы халықтар анықталды - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

Ким мен Путин саммиті нәтиже бермейді - Time
null

Осы аптада әлемнің назары Солтүстік Корея мен Ресей президенттерінің алғашқы кездесуінде болды. Шетелдік басылымдар да бұл оқиға туралы жарыса жазып, Ким Чен Ын мен Владимир Путиннің әр қимылы мен сөзін тілге тиек етіп, материалдарына тұздық қылды.

Time басылымының жазуынша, кездесу барысында Ким Чен Ынның күрсінген дауысы естілген және видео әлеуметтік желілерде кең тарап кеткен. «Солтүстік Кореяны бақылайтындардың барлығы Кимнің әр сөзі мен қимылына жіті мән береді. Ким Чен Ынның «күрсінген» дыбыс шығарған видео туралы Солтүстік Корея басылымдары жазып, оған президенттің артық салмағы әсер еткен болуы мүмкін екенін айтуда. Дегенмен, бұл бір рет қана қайталанғандықтан, оқиға әлі назардан шығарылмады», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, Ким Чен Ынның ядролық қаруды құру бағдарламаларына қатысты қойылған санкциялардан қалай құтылатыны белгісіз. «Дегенмен, ол әлемдік сахнада өзін сенімді ұстай білді», деп жазады автор.

Күйзелістен құтылу үшін табиғатқа шығу керек - Die Welt
null

Германияның танымал Die Welt басылымының жазуынша, табиғатқа шығудың пайдасы орасан зор. Дегенмен, ғалымдар күйзелістен құтылу үшін табиғат аясында қанша уақыт өткізу керек деген сұраққа жауап іздеп көрген.

«Табиғаттың денсаулыға пайдасы туралы көптеген зерттеулер айтты. Ал біз табиғат аясында уақыт өткізу күйзелістен арылтатынын білеміз. Дегенмен, осы күнге дейін күйзелістен құтылу үшін табиғат аясында қанша уақыт өткізу керектігі белгілі болмаған еді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, бұл сұраққа Мичиган университетінің ғалымдары жауап іздеп көрген.

«Зерттеушілер сегіз апта бойы қырық адамды бақылаған. Олар аптасына үш рет кемінде он минутқа таза ауаға шығып тұрған. Табиғат аясында оларға спортпен айналысуға, әлеуметтік желіге кіруге, кітап оқуға, басқа адамдармен сөйлесуге тыйым салынған. Ғалымдар анықтағандай, табиғат аясында 20-30 минут болған қатысушыларда күйзеліс болмаған», деп жазады басылым.

Қыс бірнеше жылға созылса не болады? - Space
null

Осы аптада әлем назары «Тақтар ойыны» сериалының жалғасы шыға бастағанына ауғаны белгілі. Бұл сериалда қыс бірнеше жылға созылады екен. Осыған орай Space басылымы расымен қыстың ұзаққа созылуы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздеп көріпті.

«Жердің солтүстік жартышарында әлі қыс. Күн Жерге біркелкі түспейтіні белгілі. Яғни, Күн оңтүстік жартышарға түскенде, солтүстікте қыс болады және керісінше. Олбанидегі Нью-Йорк Университеті Атмосфералық ғылымдар зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Кристофер Уолсектің айтуынша, алдымен қыстың бірнеше жылға созылу себебін білу керек», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, қыс бірнеше жылға созылу үшін Жер Күннен алыс орбитада болуы керек. Бірақ бұл мүмкін емес. Екіншіден, ақпан айының соңына қарай Жер айналуын тоқтатса да, қыс бірнеше жылға созылады.

«Егер қыс бірнеше жылға созылатын болса, бұл табиғаттың экожүйесін өзгертеді. Көктемде бүр жаруы керек өсімдіктер шықпайтын болады. Қыста сыртқа шықпай өмір сүретін жануарлар да өледі. Қуанышымызға орай, физикалық заңдылықтар бұл жағдайларға мүмкіндік бермейді», деп жазады басылым.

Ауаның ластануынан жылына 7 млн адам қайтыс болады - ВВС
null

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, ауаның ластануы жылына 7 млн адамның өліміне себеп болады. Бұл инсульт, өкпе рагы мен жүрек ауруларынан болатын өлімнің үштен біріне тең. ВВС басылымының жазуынша, ұйым сондай-ақ балалардың 90%ы күн сайын лас ауамен демалатынын хабарлаған.

«Медицина мамандарының айтуынша, Лондонда жыл сайын лас ауа кесірінен 9 мың адам көз жұмады. Жасанды интеллект пен мәліметтер ғылымына негізделген Алан Тьюринг зерттеу орталығы Лондонның кез келген жеріндегі ауа сапасын бақылап отыратын құрылғы жасап шығарған. Датчиктер алған мәлімет көлік легі, құрылыс жұмыстары мен ғимараттар туралы мәліметтермен біріктіліріп, нәтижесінде алдағы екі күнде қаланың қай жерлерінде ауа сапасы тым нашар болатыны анықталып отырады», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, ауа ластануынан әлем бойынша ең көп зардап шеккен мемлекет Африканың оңтүстігі саналады. Оңтүстік Африка әлемдегі диоксид азотымен ең көп ластанған мемлекет атанған.

«ДДҰ мәліметінше, Оңтүстік Африкада жыл сайын лас ауа кесірінен 20 мың адам көз жұмады. Лондондағы жаңа технология билікке халықтың денсаулығы туралы алдын ала ақпарат беріп отыратынымен құнды. Яғни, бұл технологияны ауа ластану қаупінің алдын алу немесе ескерту үшін қолдануға болады. Ауа ластануы жаһандық проблема саналады. Сондықтан онымен күресу технологиялары өте маңызды», деп жазады автор.

БҰҰ 5 жасқа дейінгі балалар туралы баяндама жариялады - CNN
null

БҰҰ Денсаулық сақтау агенттігі осы аптада 5 жасқа дейінгі балалардың күн тәртібі, физикалық белсенділігі, ұйқысы туралы баяндама жариялады. CNN басылымының хабарлауынша, бұған дейін Агенттік тек үлкен кісілерге арналған баяндама жариялаған, ал балаларға арнап алғаш рет зерттеу жүргізіп отыр.

«Жаңа баяндаманы жасау барысында мамандар ғылыми мәліметтерді негізге алған. Әсіресе, қазір әлемде балалар арасындағы семіздіктің көбейіп кеткендігінен, физикалық белсенділік туралы ұсынымдарға қажеттілік туған. ДДҰ хабарлауынша, егер балаңыз бір жасқа толмаған болса, онда оны күніне бірнеше рет әртүрлі әдістермен ойнатып, қимылдатуға тырысу керек. Сонымен қатар күніне ең кем дегенде жарты сағат ішпен жатқызу маңызды», деп жазады басылым.

Мамандар 1 мен 2 жас аралығындағы балалар күніне 11- 14 сағат ұйықтау керектігін айтыпты. Олар күніне 180 минут физикалық белсенді болуы керек.

Америкалықтар - әлемдегі ең ашулы халық - The New York Times
null

The New York Times басылымының хабарлауынша, осы аптада жарияланған Gallup баяндамасында әлем бойынша күйзеліс артып, халықтарың ашулы бола бастағаны айтылған. Баяндаманы жасау барысында мамандар 140 мемлекеттер 150 мыңнан астам адамнан сауалнама алған.

«Баяндамада сауалнамаға қатысқан әр бесінші адамның ашулы екені анықталған», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, жыл сайын дәстүрлі түрде жүргізілетін Gallup Global Emotions Report зерттеуі адамдарыдң көңіл күйін сарапқа салады.

«Баяндамада ең позитив халық Парагвайда тұратыны анықталды. Ал америкалықтар әлемдегі ең ашулы халықтар қатарынан көрінді. Ең позитивті халықтар арасында Парагвайдан кейін Панама, Гватемала, Мексика, Эль Сальвадор тұр. Ең төменгі орында Чад, Нигер, Сьерра-Леоне, Ирак, Иран көрінді», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар