Әлемдегі ең әдемі голдардың бірін соққан ойыншы «Тобылға» келді

None
None
  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы 32 жастағы тәжірибелі қорғаушы Василий Кобинді сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Украина құрамасының бұрынғы ойыншысы, 32 жастағы қорғаушы Василий Кобин қостанайлық клубпен 1 жылға келісімшартқа отырды.

Айта кетейік, Кобин Украина Премьер-лигасында 200-ден астам матчқа қатысқан.

«Ол  2001 жылы  «Закарпатье» клубымен келісімшарт жасасты. Кейін Украинаның «Карпаты» және атақты «Шахтер» командаларында ойнаған. Мұнан соң Харьковтің «Металлист» клубына ауысты», - делінген «Тобыл» ФК ресми сайтында.

Кобин 2015 жылы Чемпиондар лигасына қатысып, Мадридтің «Реалына» қарсы доп тепкен. Оның қанжығасында Украинаның 6 дүркін чемпионы, 5 мәрте Кубок иегері, Суперкубок ойындарының жеңімпазы сынды атақтары бар.

Ол «Тобылға» дейін «Верес» құрамында өнер көрсетіп келді. Василий Кобин әлемдегі ең әдемі гол соққан футболшылардың қатарына енуімен де танымал. Қорғаушы 2015 жылғы Еуропа Лигасы аясындағы «Легия» - «Металлист» кездесуінде алаң иелерінің қақпасына гол соққан. Кейін футбол мамандары бұл голды жылдың ең әдемілерінің сапына қосты.

Соңғы жаңалықтар