+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Әлемдегі елдерде баланы кемсітуге қалай жол берілмейді – ІІМ мысал келтірді

2021 жылғы 2 наурыз 17:49
Бөлісіңіз:
Әлемдегі елдерде баланы кемсітуге қалай жол берілмейді – ІІМ мысал келтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңнамаға буллинг, кибербуллинг түсінігін енгізу проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ойымызша, заңнамаға буллинг, кибербуллинг түсінігін енгізу проблемалық мәселелер аясын айқындауға және оларды кешенді түрде шешуге үмкіндік береді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Осы орайда ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары балаларды жәбірлеудің алдын алуға бағытталған бірқатар халықаралық мысалды алға тартты.

«Ұлыбританияда педагогтер кибербуллингтің кез келген түрінің алдын алу үшін арнаулы дайындықтан өтеді. Францияда мұғалімдер оқушылардың блогтарын қадағалап, жәбірленушілерге көмек көрсетеді. Ал бұзақылар мектептен қуылуы мүмкін. Канадада мектептердегі кибербуллингтің алдын алу әдістемесін әзірлеумен құрамына 130 ғалым-зерттеуші кіретін ірі ұйым айналысады. Жапонияда 2013 жылдан бастап кемсітушіліктің алдын алу үшін іс-шараларды дамыту туралы заң қолданысқа енгізілген. Әр білім ордасы кемсітушіліктің алдын алу үшін мектеп саясатын дербес әзірлеуі тиіс», - деді Марат Қожаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT