Әлемдегі ахуал: Бразилия президенті коронавирус жұқтырды

None
None
БАЛТИМОР. ҚазАқпарат - Бразилияның президенті Жаир Болсонару өзінен коронавирус анықталғанын растады. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін коронавирустың қауіптілігін жоққа шығарып келген Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінен COVID-19 анықталғанын растады. Ол соңғы бірнеше айда төртінші рет тест тапсыруға мәжбүр болған. Себебі ыстығы көтерілген. Сонымен бірге өзінің жағдайы жақсы екенін, тек жеңіл түрдегі белгілер байқалатынын айтқан.

Ал жексенбі күні Бразилия басшысы денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді.

65 жастағы Болсонару сенбі күні АҚШ елшісімен кездесу кезінде маска тақпай түскен суретін жариялаған болатын. Ол коронавирус бар-жоғы жеңіл түрдегі суық тию екенін бірнеше рет айтқан еді.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлем бойынша корнавирус жұқтырғандар саны – 11 млн 798 мың 678 адам. Қауіпті вирустан 543 538 науқас көз жұмды, 6,3 млн-ны сауығып шықты.

Індетті жұқтырғандар саны ең көп 10 елдің тізімі:

АҚШ – 2 993 759

Бразилия - 1 668 589

Үндістан – 719 665

Ресей – 693 215

Перу – 309 278

Чили – 301 019

Ұлыбритания – 287 874

Мексика – 268 008

Испания – 252 130

Иран – 245 688


Соңғы жаңалықтар