Әлемде тұңғыш рет адам басын алмастыру отасы жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда әлемде тұңғыш рет адам мәйітінен басты ауыстыру операциясы жасалды. 18 сағаттық ота барысында дәрігерлер омыртқаны, жүйке жүйелері мен қан тамырларын қалпына келтіре алды, деп хабарлайды The Telegraph.

Адам басын трансплантациялау бойынша ота сәтті өткендігі туралы Венада өткен баспасөз мәслихатында италиялық нейрохирург Серджо Канаверо (Sergio Canavero) мәлім еткен. Операция доктор Жэнь Сяопиннің (Xiaoping Ren) жетекшілік етуімен Харбинск медициналық университетінің (Қытай) командасымен жасалды.

Канаверо тірі адамның басын алмастыру бойынша ота жақын уақытта өтеді деп сендіруде.

2016 жылдың қыркүйегінде нейрохирург жануарлардың (тышқан мен ит) басын алмастыру бойынша жасалған оталардың видеосын жариялаған болатын.

Адам мүрдесіне жасалған ота нейродегенеративті сырқатқа шалдыққан ресейлік бағдарламашының басын трансплантациялауға дайындық болып табылады. Дегенмен, бұл операцияның нақты өтетіндігіне қатысты сенімді дәлелдер жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар