Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 шілдеде әлемде коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 555 339 003-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

« Соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны 392 985 адамға өсті.

Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 362 674 адамды құрайды, сонымен қатар бүгін 525 өлім дерегі тіркелді», - деп жазды ақпарат көзі.

5 шілдедегі жағдай бойынша 530 103 542 адам вирустан толық сауығып шықты.


Соңғы жаңалықтар