Әлемде соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар қатары 20% өсті

Фото: None
ЖЕНЕВА. ТАСС-ҚазАқпарат – Өткен аптада әлем бойынша 18 миллион адам коронавирус жұқтырды, бұл – пандемияның басынан бергі жаңа антирекорд. Вирус жұқтырғандар қатары өткен апта көрсеткіштерімен салыстырғанда 20%-ға өсті. Бұл туралы сейсенбі күні Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Өлім көрсеткіші 4%-ға өсіп, 45 мыңнан асты.

ДДСҰ-ның апта сайынғы бюллетеніне сәйкес, 10-16 қаңтар аралығында вирус жұқтырғандар қатары өткен апта көрсеткіштерімен салыстырғанда 20%-ға көбейген – 18 739 636 жұқтыру жағдайы тіркелді.

Жеті күн ішінде 45 543 адам вирустан көз жұмды, бұл – өткен аптамен салыстырғанда 4%-ға көп.

ДДСҰ-ның алты өңірінің бесеуі өткен аптамен (3-9 қаңтар) салыстырғанда жұқтыру жағдайларының көбейгені туралы хабарлаған. Африкада көрсеткіш 27%-ға төмендеген.

Жұқтыру жағдайлары Оңтүстік-шығыс Азия мен Шығыс Жерорта теңізінде көп, мұнда өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны 145% және 68%-ға артқан.

Сонымен қатар көрсеткіштер Еуропа (10%), Америка (17%) мен Батыс Тынық мұхиты аймағында (38%) көбейген.

Өлім саны Оңтүстік-Шығыс Азия (12%), Америка (7%), Батыс Тынық мұхиты аймағы (5%), Еуропа (3%) мен Шығыс Жерорта теңізінде (1%) артқан, алайда Африкада өлім саны 4%-ға азайған.

АҚШ-та ең көп жұқтыру жағдайы (4 688 466) тіркелді. Одан кейін тізімде Франция (2 012 943), Үндістан (1 594 160), Италия (1 268 153) және Ұлыбритания (813 326) тұр.

ДДСҰ-ның деректеріне сай, пандемияның басынан бері әлемде 328 532 929 адам вирус жұқтырып, 5 542 359 адам вирустан көз жұмған.

Соңғы тәулікте 1 586 889 жұқтыру жағдайы тіркеліп, вирустан 5 255 адам қайтыс болды.

Ең көп жұқтыру жағдайы АҚШ-та тіркелді – онда 64 720 612 адам вирус жұқтырған. Одан кейін тізімде Үндістан (37 618 271), Бразилия (23 000 674) тұр.

Өлім саны бойынша бірінші орында – АҚШ (843 7158), одан кейін Бразилия (621 045) мен Үндістан (486 761).


Соңғы жаңалықтар