Әлемде сәбилердің тек 44 пайызы ана сүтін емеді - ДДҰ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаһандық дағдарыс миллиондаған сәби мен баланың денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Мұндай жағдайда ең тиімді шешім – емізу, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында ЮНИСЕФ және ДДСҰ үкіметтерді, әсіресе төтенше жағдайда өмір сүретін отбасылар үшін емізу бағдарламасын қолдауға көбірек ресурс бөлуге шақырады.

Ауғанстанда, Украинада, Йеменде, Африкада және Сахелде төтенше жағдай кезінде емшек сүтімен емізу - нәрестелер үшін қауіпсіз, тойымды және қолжетімді тамақ көзі. Ол аурудан және аштықтан қорғайды.

Сондай-ақ, емізу - бала үшін алғашқы вакцина, ол балалар арасында тарайтын аурулардан қорғайды.

Алайда, анасының төтенше жағдай кезіндегі эмоционалдық ахуалы, азып-тозуы, санитарлық жағдайдың болмауы салдарынан көптеген балаларда ему мүмкіндігі болмай жатады.

Жаңа туған балалардың жартысынан кемі дүниеге келген алғашқы сағатта емеді. Тек 44 проценті алғашқы алты айда тек қана емшек емеді.


Соңғы жаңалықтар