Әлемде мұнай бағасы құбылып тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың әлемдік бағалары әртүрлі бағытта өзгерді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сауда нәтижесі бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,09 долларға қымбаттап, 66,81 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері бір баррельге 0,23 долларға арзандап, 60,2 долларды құрады.

Авторы: Асхат Ахметбеков

Соңғы жаңалықтар