Әлемде коронавирустың омикрон штамы өршіп тұр – Айжан Есмағамбетова

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір әлем бойынша коронавирустың омикрон штамының таралуы 95 пайызды көрсетіп отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша соңғы аптада Еуропа, Шығыс Жерорта теңізі мен Африка өңірін санамағанда, қалған 3 өңірде коронавирустың таралуы 30%-ға өсті. Cоңғы аптада әлемнің 92 елінде сырқаттанудың өсуі байқалып отыр. Оның ішінде COVID-19 Әзербайжанда 115%-ға, Жапонияда 70%, Польшада 63%, Ресейде 49% және Қытайда 36%-ға жетіп отыр. Бүгінде коронавирустың омикрон штамы әлемдегі негізгі вирус болып отыр және өршіп тұр. Оның таралу үлесі зерттелген үлгілердің 95 пайызын алады. Омикрон штамының арасында BA.5 және BA.4 үлесі басым. Оның ішінде вирустың BA.5 түрі 100 елде анықталды», - деді Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің мәлімдеуінше, бір аптада барлық вирустың түрлерімен салыстырғанда вирустың BA.5 түрінің үлесі 54%-ға дейін өскен.

«Сонымен қатар, ВА2.75 омикронының (кентарв) субнұсқасын ДДҰ-ы бақылап отыр. Аталған субнұсқаны әлемнің 15 елі бақылауға алған, ол барлық зерттелген үлгілердің 0,05%-ын алады. Әзірге, басқа нұсқалармен салыстырғанда осы мутацияның қандай дәрежесі аурудың таралуы мен ауырлығына әсер ететіні туралы дәлел жоқ», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі күні мутацияға қатысты зерттеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, шілде басталғалы 3 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды. https://kaz.inform.kz/news/shildede-koronavirustan-3-naukas-kaytys-boldy-ayzhan-esmagambetova_a3959773


Соңғы жаңалықтар