Әлемде коронавирусты 79 млн адам жұқтырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 79 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 вирусын адамды жұқтырған, 1,7 миллионнан астам адам көз жұмған.

Қауіпті вирус ең көп таралған елдердің көшін АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей бастап келеді.

Қазіргі кезде АҚШ-та коронавирусты жұқтырған адамдар саны 18 млн адамнан асты.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны бойынша жаңа рекорд орнатылғанын айтып, дабыл қақты.

Ұйымның есебі бойынша, соңғы жеті күннің ішінде COVID-19 ғаламшардың 4,6 млн астам тұрғынынан анықталған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 6 пайыз көп.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 736 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 150198-ге жетті. Сонымен қатар Қазақстанда өткен тәулікте 1302 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Республика бойынша жазылғандар саны - 136365.


Соңғы жаңалықтар