Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны миллионға жуықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні таңғы мәлімет бойынша, әлемдегі коронавирус құрбандарының саны 920 мыңнан, ал вирусты жұқтырғандар 28,7 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Әлемдегі инфекция жұқтырушылар саны 28 759 036-ға жетті. Көз жұмғандар 920 231-ге дейін өсті.

Науқастардың ең көп саны АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелген. Бұл елдердің әрқайсысында инфекция жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты, АҚШ-та – 6 миллион.



Соңғы жаңалықтар