Әлемде коронавируспен ауырғандар саны 165 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 165 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 165 млн 874 мың 001 адамнан анықталды.

Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 438 мың 086 науқасты құрады.

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.


Соңғы жаңалықтар