Әлемде коронавируске қарсы екпе алғандар саны ауру жұқтырған адамдар санынан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіл әлем бойынша жаңа коронавирусқа расы вакцина алған адамдар саны алғаш рет ауру жұқтырғандар санынан асқан. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігінің БАҚ-тағы ресми ақпарат негізінде жүргізген есебіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемде кем дегенде 105,1 млн адамға екпе салынды, бұл ретте пандемия басталғалы әлемде шамамен 103,9 млн адам індет жұқтырды (соның ішінде 2,2 млн астам адам қайтыс болды.

Вакцина ең көп салынған ел – АҚШ (33,7 млн адамға). Екінші орында Ұлыбритания (теңіз сыртындағы аумақтар, Нормандия аралдары және Мэн аралын есептегенде), онда 10,2 млн адамға вакцина егілді. Үшінші орында – Израиль (5,05 млн адам).

Тұрғындары вакцина салынған елдер тізімінде бірінші орында Израиль (56,86%), екінші орында БАӘ (38,83%), үшінші орында – Сейшель аралдары (36,25%). Ұлыбритания (15,3%), Бахрейн (11,02%) және США (10,3%) он пайыздық межеден енді асты.


Соңғы жаңалықтар