12:24, 30 Мамыр 2020 | GMT +6
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 6 миллионнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 6 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«30 мамыр таңындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус індеті 6 035 568 адамнан анықталды. Бір тәуліктегі өсім 125 592 науқасты құрады. Қайтыс болды - 368 490 (бір тәулікте 4 571) науқас, жазылды 2 663 770 (бір тәулікте 79 318) адам», - делінген Қазақстан Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы ақпаратында.