Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 435 миллионнан асты

None
None
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сейсенбіде әлемде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны 435 миллионнан асқандығын, ал 5,95 миллион адамның қайтыс болғандығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына түскен ақпаратқа қарағанда, 435 626 514 ауру жұқтырған және 5 952 215 адамның қайтыс болған. Ауруды жұқтырғандар саны күніне 1 200 287-ге, қайтыс болғандар 7 082-ге өсті.

ДДҰ-ға тіркелген жағдайлардың ең көп саны АҚШ-та - 78 212 580, одан кейін Үндістан (42 931 045), Бразилия (28 768 104), Франция (22 032 795) және Ұлыбритания (18 886 705). Қайтыс болған адамдардың ең көп саны да АҚШ-та – 941 112, екінші қатарда Бразилия (649 134), үшінші орында Үндістан (514 023). Одан кейін Ресей (352 446) мен Мексика (318 086) тұр.


Соңғы жаңалықтар