Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн 332 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2 млн 332 мыңға жақындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

19 сәуір сағат 9:15-тегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 331 892 адамды құрады. Қайтыс болды 160 763 адам, жазылып шықты – 597 194.

Вирус ең көп АҚШ-та анықталды. Онда індетке 739 913 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 28 892. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 194 416, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 3577), үшінші орында Италия (175 925/ +3491) тұр.

Коронавирус ең көп анықталған 10 елдің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар:

Франция: 151793 / +3824

Германия: 143724 / +2327

Ұлыбритания: 114217 / +5525

Қытай: 82735 / +16

Иран: 80868 / +1374

Түркия: 82329 / +3783

Бельгия: 37183 / +1045

ТМД елдері бойынша науқастар ең көп Ресейде тіркелді. Мұнда індетке шалдыққандардың жалпы саны – 36 793. Бір тәуілікте анықталған жаңа жағдайлар – 4785.

Кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр:

Беларусь: 4779 / +0

Украина: 5106 / +444

Молдавия: 2378 / +114

Қазақстан: 1630 / +84

Өзбекстан: 1490 / +85

Әзербайжан: 1373 / +33

Армения: 1248 / +47

Қырғызстан: 506 / +17

Грузия: 388 / +18



Соңғы жаңалықтар