Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн 250 мыңнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 2 млн 250 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz Telegram-каналына сілтеме жасап.

18 сәуір сағат 9:00-дегі жағдай бойынша, әлем елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны 2 250 709 адамды құрады. Қайтыс болды 154 256 адам, жазылып шықты - 572 105.

Вирус ең көп АҚШ-та анықталды. Онда індетке 710 021 адам шалдықты, бір тәулікте тіркелген жаңа жағдайлар – 32 451. Екінші орында Испания (науқастардың жалпы саны – 190 839, бір тәуліктегі жаңа жағдайлар – 5891), үшінші орында Италия (172 434/ 3491) тұр.

Коронавирус ең көп анықталған 10 елдің тізімінде сондай-ақ келесі елдер бар:

Франция: 147969 / +1909

Германия: 141397 / +3699

Ұлыбритания: 108692 / +5599

Қытай: 82719 / +352

Иран: 79494 / +1499

Түркия: 78546 / +4353

Бельгия: 36138 / +1329

ТМД елдері бойынша науқастар ең көп Ресейде тіркелді. Мұнда індетке шалдыққандардың жалпы саны - 32 008. Бір тәуілікте анықталған жаңа жағдайлар – 4070.

Кейінгі орындарда келесі мемлекеттер тұр:

Беларусь: 4779 / +575

Украина: 4662 / +501

Молдавия: 2264 / +110

Қазақстан: 1546 / +144

Өзбекстан: 1405 / +56

Әзербайжан: 1340 / +57

Армения: 1201 / +42

Қырғызстан: 489 / +23

Грузия: 370 / +22


Соңғы жаңалықтар