Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 163 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 163 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы соңғы мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 163 млн 359 мың 299 адамнан анықталды.

Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 385 мың 075 науқасты құрады.

Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.


Соңғы жаңалықтар