Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 130 миллионнан асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 130 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 130 млн 422 мың 190 адамнан анықталды.

Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 2 млн 842 мың 135 науқасты құрады. Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Бразилия, Үндістан, Фаранция, Ресей орналасқан.



Соңғы жаңалықтар